» » Ертең найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады – Қазгидромет

Ертең найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады – Қазгидромет

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 8 мамырда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, еліміздің тек шығысында ғана жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Ал оңтүстік циклонның әсерінен қалған өңірлерде күн құбылмалы болмақ. Республика бойынша екпінді жел соғып, оңтүстікте шаңды дауыл және қатты жел болуы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстік пен солтүстік-батыста тұман түседі.
Ерекше ескерту: Алматы және Жамбыл облыстарының оңтүстік-батысында күндіз қатты ыстық болады.
Өрт қаупі жоғары болатын өңірлер:
• Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Абай облыстары;
• Алматы облысының солтүстігі мен орталығы;
• Атырау облысының оңтүстік-батысы;
• Батыс Қазақстан облысының батысы;
• Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жетісу облыстарының түрлі аумақтары.
Төтенше өрт қаупі:
• Түркістан облысының батысы мен шөлді өңірлері;
• Қызылорда облысының шығысы мен орталығы;
• Жамбыл облысының батысында сақталады.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райы өзгерістеріне мұқият болып, сақтық шараларын сақтауға шақырады.
07 мамыр 2025 ж. 235 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031