» » Ұлттық банк Жеңістің 80 жылдығына арналған монеталар шығарды

Ұлттық банк Жеңістің 80 жылдығына арналған монеталар шығарды

Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясы аясында «Ұлы Жеңіс. 80 жыл» атты жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. Бұл монеталар Ұлы Отан соғысындағы жауынгерлердің ерлігі мен жанқиярлығына деген құрметті білдіреді және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруді көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Монеталарда ерлікпен қаза тапқан батырларды еске түсіретін мәңгілік алау бейнеленген. «80» санының ішінде орналасқан ою-өрнек Жеңіс лентасын бейнелейді және ол Мемлекеттік Тудың элементтерімен үндестік тапқан.
Айта кетейік, монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен және нибрасс/нейзильбер қоспаларынан (биколорлы) жасалған.
200 теңгелік монеталар Қазақстан аумағында заңды төлем құралы ретінде еркін айналымда болады. Ал коллекциялық монеталар барлық банктерде төлемге қабылданып, шоттарға есептеліп, айырбасталуы мүмкін.
06 мамыр 2025 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10498)

25 сәуір 2026 ж.

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 963
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 599

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930