» » Ұлттық Банк Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған монеталар шығарады

Ұлттық Банк Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған монеталар шығарады


Ұлттық Банк номиналы 100 теңгелік МН 25 мельхиор қоспасынан "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан "JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Монеталарды шығару Қазақ КСР Халық жазушысы, "Қыран дала", "Мен қазақпын", "Жыр туралы", "Сел" және басқа да шығармалардың авторы, қазақ ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орайластырылған.

Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша орналастырылатын болады.

"JUBAN MOLDAǴALIEV. 100 JYL" монетасының аверсінде орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра "QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу бар. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "100 TEŃGE" деген жазу бар.

Монетаның реверсінде Жұбан Молдағалиевтің портреттік бейнесі орналастырылған. Сол жақта мерейтойлық датасы мен соғылған жылын білдіретін "100 JYL", "2020" деген жазулар бар. Монетаның жоғарғы бөлігінде "JUBAN MOLDAǴALIEV" деген жазу бар.

Монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы "brilliant uncirculated", номиналы 100 теңгелік, таралымы - 7 000 дана.

Монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.


23 қазан 2020 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930