» » Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай монета шығарылды

Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай монета шығарылды



Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылғы 24 шілдеде "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Монеталар 2023 жылғы 26 шілдеден бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.

Монета Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай шығарылды. Темірбек Жүргенов - Қазақстанның тұңғыш ағарту министрі. Ол 1934 жылы Қазақстанда бүкіл Орталық Азия мен Қазақстанның алты ірі жоғары оқу орнының құрылысының басталуына себепкер болды.

TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL монетасы МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы - 15 грамм, диаметрі - 33 миллиметр, дайындау сапасы brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы - 10 мың дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ, оны елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.


25 тамыз 2023 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 223

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728