» » ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ

ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ


Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, Елеу Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінде Елеу Көшербаев атындағы дәстүрлі ІІІ аудандық ауыл мектептерінің 9-10 сынып оқушылары арасындағы ғылыми-зерттеу жұмысы конкурсы болып өтті.

Ауыл мектептеріндегі оқушылардың зияткерлік қабілетін ашып, дарынын шыңдау мақсатында өткізілген конкурс барысында мектептің өнерпаз оқушылары өлең -жырларымен , әндерімен бастау алып, келген қонақтарға мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаев атындағы музеймен таныстырылым жұмысы жүргізілді.

Іс-шараға арнайы Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Мұратов, Ақай ауылдық округі әкімі Э.Қазиева, Ақай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Қыпшақбаев, ардагер ұстаздар қатысып,ғылыми - зерттеу жұмысына сәттілік тілеп, игі тілектерін білдірді.

Ауыл мектептерінің 9-10 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмысында "Ауылым -алтын бесігім" бағытында туған ауылының тарихын зерттеу, "Ел есінде Елеу аға, Ел - аға!" бағытында мемлекет және қоғам қайраткері Е.Көшербаевтың өмір жолынан ізденіс, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған "Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі!" бағытында ауылындағы соғыс ардагерлерін зерттеу жұмыстары қамтылды. Ғылыми -зерттеу жұмысы конкурсы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.

Елеу атаның ұрпақтары конкурсқа қатысқан оқушыларды сыйлықтармен марапаттап, демеушілік жасады.

25 сәуір 2025 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 270
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30