» » Ер есімі ұлықталған байқау

Ер есімі ұлықталған байқау

Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Елеу Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінде Елеу Көшербаев атындағы дәстүрлі ІІ аудандық ауыл мектептерінің 9-10 сынып оқушылары арасындағы “Ел есінде Елеу аға, Ел-аға” тақырыбында ғылыми - зерттеу жұмысы конкурсы болып өтті.

Конкурстың мақсаты - ауыл мектептірінің 9-10 сынып оқушылары арасындағы зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту. Жоғары жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Конкурсқа қатысушыларды мектептің домбырашылар ансамблі күмбірлеген күйімен, өнерпаздар өлең -жырларымен қарсы алды. Келген қонақтарды мектеп ғимаратындағы мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаев атындағы музеймен таныстырылым жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.Наукебаева, Ақай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Қыпшақбаев, ардагер ұстаздар Д.Маханбетов, Р.Жандыбаевалар және Елеу Көшербаев атамыздың ұрпағы қатысты.

Ауыл мектептерінің 9-10 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмысында "Ауылым -алтын бесігім" бағытында туған ауылының тарихын зерттеу, "Ел есінде Елеу аға, Ел - аға” бағытында мемлекет және қоғам қайраткері Е.Көшербаевтың өмір жолынан ізденіс, "Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі!" бағытында ауылындағы соғыс ардагерлерін зерттеу жұмыстары қамтылды.
Ғылыми -зерттеу конкурсының қорытындысы бойынша қатысушылар Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның дипломдарымен марапаттталып, Елеу атаның ұрпақтары конкурсқа қатысқан оқушыларды сыйлықтармен марапаттап, демеушілік жасады.

22 сәуір 2024 ж. 540 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 270
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30