» » Ер есімі ұлықталған байқау

Ер есімі ұлықталған байқау

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 11 мамыр күні Елеу Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінде Елеу Көшербаев атындағы аудандық ауыл мектептерінің 9-10 сынып оқушылары арасындағы ғылыми - зерттеу жұмысы конкурсы болып өтті.

Конкурстың мақсаты - ауыл мектептеріндегі оқушылардың зияткерлік қабілетін ашып, дарынын шыңдау, білімін қала мектептерімен теңестіру. Конкурсқа қатысушыларды мектептің домбырашылар ансамблі күмбірлеген күйімен, өлең -жырларымен қарсы алды. Келген қонақтарды мектеп ғимаратындағы "Жасыл бөлме", мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаев атындағы музеймен таныстырылым жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Қармақшы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ш.Наукебаева, Ақай ауылдық округі әкімі Э.Қазиева, Ақай ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Ж.Қыпшақбаев, Байқоңыр қалалық ақсақалдар төрағасы А.Үйреков, аймақтық мектеп директорлары және Е.Көшербаевтың ұрпағы қатысып, ғылыми - зерттеу жұмысына сәттілік тілеп, игі тілектерін білдірді.

Ауыл мектептерінің 9-10 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жұмысында "Ауылым -алтын бесігім" бағытында туған ауылының тарихын зерттеу, "Ел есінде Елеу аға, Ел - аға!" бағытында мемлекет және қоғам қайраткері Е.Көшербаевтың өмір жолынан ізденіс, "Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі!" бағытында ауылындағы соғыс ардагерлерін зерттеу жұмыстары қамтылды.

Ғылыми-зерттеу конкурсының қорытындысы бойынша «Ауылым-алтын бесігім» бағыты бойынша қатысқан №99 орта мектептің 9 сынып оқушысы Холова Гүлім «Бас жүлде», №109 орта мектептің 10-сынып оқушысы Мәжитова Динара І орын, №199 орта мектептің 9 сынып оқушысы Мыңжасарова Әсел ІІ орын, №186 орта мектептің 10-сынып оқушысы Шілдебаева Аружан ІІІ орын, №279 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Тәңірбергенова Сая ІІІ орын, №79 орта мектептің 9 сынып оқушысы Берікбол Маржан Алғыс хат, №80 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Шыңғысбекова Малика Алғыс хат, №85 орта мектептің 9 сынып оқушысы Абулқасан Аида Алғыс хат, «Ел есінде Елеу аға, Ел-аға!» бағыты бойынша №279 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Абдразаков Нуржан Бас жүлдені, №29 орта мектептің 10 сынып оқушысы Бұхарбаева Гүлсезім І орын, №80 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Болатқызы Арайлым ІІ орын, №99 мектептің 9 сынып оқушысы Сатыбалды Ақерке ІІІ орын;

«Ұлы ерлік-ұрпаққа үлгі» бағыты бойынша №279 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Кузербаева Нұрайым Бас жүлде, №111 орта мектептің 10 сынып оқушысы Шакизадаева Нұрбибі І орын, №186 орта мектептің 9 сынып оқушысы Аймырзаева Айзада ІІ орын, №85 орта мектептің 9 сынып оқушысы Шаймаханова Асылзат ІІІ орын, №269 орта мектептің 9 сынып оқушысы Шайкуллаева Аруна ІІІ орын, №99 орта мектептің 9 сынып оқушысы Әбдімәлікова Нұрзада алғыс хат, №80 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Абдимуталап Ақберен Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар иеленді.

Елеу ағаның ұрпақтары конкурсқа қатысқан оқушыларды сыйлықтармен марапаттап, демеушілік жасады. Мектеп-лицейде өткізілген айтулы шара алдағы уақытта да жалғасын тауып, дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

12 мамыр 2023 ж. 212 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031