» » "Ауғанның отты жалыны"

"Ауғанның отты жалыны"

qarmaqshy-tany.kz Ақай ауылдық клуб үйі мен ауылдық кітапхана бірлесе отырып, 15 ақпан - Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай "Ауғанның отты жалыны" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Кешті кітапханашы Нұрмағамбетова Қалимаш апайымыз "Ауғанның отты жылдары" атты кітап көрмесін таныстырумен ашты.
Кеш барысында Ауған соғысынан бейнебаяндар көрсетіліп, Елеу Көшербаев атындағы №279 мектеп-лицейінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Джубанышев Дауреннің бастауымен 11-сынып оқушылары өлең жолдарын оқып, АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау бойынша сайысқа түсіп, марапатталды.
Ақай ауылдық клуб үйі директоры Б.Нурмаганбетов пен көркемдік жетекші Н.Айдаров кеш қонақтарына домбыра мен баянның сүйемелдеуімен"Ағаларыма" әнін жолдап, Ауған соғыс ардегерлері де "қонақ кәде" салтымен "Ауғаныстан" атты ән жолдарын гитарамен шырқап берді. Кеш соңында Ақай ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жақсылық ата жылы лебіздерін білдіріп, жас ұрпаққа батасын берді.
16 ақпан 2023 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930