» » Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу

Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу

Үкіметтің 2024 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен Қазақстандағы жаңа мереке – 23 сәуірде алғаш рет атап өтілетін Ұлттық кітап күні пайда болды. Ұлттық кітап күнін енгізу халық арасында оқуды насихаттауға ықпал етеді. Бұл – қоғамның, әсіресе жастарды мәдение және рухани дамуына жасалған маңызды қадам.
«Озық ойлы ұлт болудың төте жолы – кітап оқу» - деген Мемлекет басшысы. Көзі ашық, көкірегі ояу, білімді қоғамды оқу мәдениетін қалыптастырумен ғана құра аламыз. Кітап оқуды заманауи сәнге, трендке айналдырып, мемлекет пен халық бірлесе бұл істі мейлінше жандандыру керек.
Бүгінгі мерекеге орай "Руханият" орталығының алаңында Ұлттық кітап күніне орай «Kітап – қазына, кітап – байлық...» атты кітап фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты - кітапты насихаттау, кітап пен оқуға деген қызығушылықты қолдау, қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, кітап оқуға тарту, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімін арттыру, жастардың кітап оқуға, көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.
Фестивальге қатысушыларды құттықтау үшін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереков Асқар Ермағанбетұлы, жергілікті ақын, ұстаз Нәзікбаев Дастан Мырзабекұлы және мәслихат хатшысы Қошалақов Әділ Үсенұлына сөз беріліп, сонымен қатар, кітапханашылар мен тұрақты оқырмандар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапат иелерінің құрметіне кішкентай оқырманымыз Ғалымжанқызы Шаттықтың орындауында «Кел, досым кітапханаға» атты әнді тарту етілді.
Фестивальдің жалғасы Ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойы аясында «Жасымда ғылым бар ескермедім» атты поэтикалық марафонмен жалғасты. Марафонға Мәдениет үйінің қызметкері Нұркен Әлиасқаров "Абай" бейнесімен және Кент кітапханасының оқырмандары өлеңдерін оқыды.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың «Ақ боз ат» атты романынан кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен сахналық көрініс көрсетілді.
Сонымен қатар, кішкентай оқырмандарды кітапханаға тартып, кітапханамен таныстыру және кітапқа деген қызығушыларын арттыру мақсатында балалар кітапханасы ұйымдастырған «Бауырсақ» ертегісінен қуыршақ театрының қойылымыда балабақша бүлдіршіндеріне көрсетілді.
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында еңбек ардагері, «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы Сәпен Аңсатовтың «Тіл сақшысы» кітабын Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Күлжаухар Төлегенқызы және жас ақын Орынбасар Ердәулет «Адастырма арманым» атты алғашқы кітабын және мәслихат хатшысы Қошалақов Әділ Үсенұлы өзінің жеке кітапханасындағы бірқатар кітаптарын кітапханаға сыйлайды.
Фестивальде «Кітап және Тіл» атты интеллектуалды сайысы электронды оқу залында және жергілікті ақын Жетесова Мира Тұрашқызының «Бұлттар көшіп барады» атты жаңа кітабының тұсаукесері оқу залында жалғасын тапты.
Фестиваль кітапханашы қыздардың "Кітап" әнімен аяқталып, оқырман қауымға Алғыс білдірді.
23 сәуір 2025 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

№32 (10400)

03 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 740
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031