» » ҚҰСТАРҒА ҰЯ ЖАСАДЫҚ

ҚҰСТАРҒА ҰЯ ЖАСАДЫҚ

Жақында мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымының жылдық акциясы аясында құстар жайлы бірнеше мәліметпен танысып, құстарға ұя жасап, сурет салып, ән айтып, танымдық сағат өткіздік. Құстар – табиғаттың ерекше жаратылысы. Ата-бабамыз құстарды қорғап, қамқорлық жасауға кеңес береді.
Құстар болмаса орманның еш сәні болмайды. Бұл акцияға бірнеше сынып қатысты. Оның ішінде 2 «Ә» сынып бойынша барлық бала ағаштан ұя жасап әкелді. Маған ата-анам ағаштан ұя жасап берді. Мен оны мектептің алдындағы ағаштардың біріне іліп, құстарға қамқор болдым. Отбасымен құстарға ұя жасаған сыныптар да болды. Сыныптастарым Ақтолқын Мирамбекқызы, Жадыра Қожабек, Жанерке Ерланқызы, Айкөркем Дәуренбекқызы, Ерасыл Зайыр, 1 «А» сынып бойынша Аруназ Серік отбасымен құстар акциясына қатысты.
Маған үнемі әжем, ата-анам құстарға қамқорлық жасап, қорғап жүр деп айтады. Иә, құстар – біздің досымыз. Олар табиғатқа сән береді. Өте әдемі, әуені де ерекше. Кейбір құстар далаға салқын түскенде жылы жаққа ұшып кетеді. Күн жылынғанда қайта ұшып келеді. Құстардың кейбірі адамға дос. Соның бірі – қарлығаш. Ол адамдарға жақсылық ойлайды. Қараторғай да өте сүйкімді, кішкентай құс. Ал аққу маған ерекше ұнайды, ол – өте әдемі. Оны киелі құс деп атайтынын да түсіндім, себебі аққуды атуға болмайды. «Аққуды атпа, досыңды сатпа» деген мақалды маған әжем ақыл ретінде үнемі айтып отырады.
Балалар құстарға жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз қажет. Оларға ұя жасау арқылы құстарға деген қамқорлығымыз артты. Құстарға ерекше қарап, қорғап жүрейік, достар!
Ерасыл ЗАЙЫР,
№29 орта мектептің оқушысы
14 сәуір 2025 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930