» » 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек екені рас па? Полиция жауабы

10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру керек екені рас па? Полиция жауабы

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігін ауыстыру туралы жалған ақпарат таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Хабарламаларда жүргізушілер жарамдылық мерзімі алдағы үш жылда аяқталатын жүргізуші куәліктерін 10 сәуірге дейін міндетті түрде ауыстыруы қажет екені айтылған.
Алайда полиция бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Құқық қорғау органдарының айтуынша, жүргізуші куәліктерін ауыстыру жоспарлы түрде жүргізіледі және қосымша шарттар мен қайта тапсыруды талап етпейді.
"Жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібіне ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ. Азаматтардан фейк ақпараттарға сенбеуді және тек ресми дереккөздерден ақпарат алуды сұраймыз", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Сондай-ақ, департамент әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Полиция қырағылық танытуға шақырады және тек сенімді ақпарат көздеріне жүгінуге кеңес береді.
10 сәуір 2025 ж. 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930