» Қазақстанда қанша жасқа дейін көлік жүргізуге болады?

Қазақстанда қанша жасқа дейін көлік жүргізуге болады?

Қазақстанда күн сайын мыңдаған жүргізуші көлік тізгініне отырады, олардың қатарында жасы үлкен адамдар да аз емес. Алайда көлік жүргізуге жас бойынша шектеу бар ма? Осы сұраққа Tengri Auto жауап іздеді.
Қазақстанда көлік жүргізуге ең жоғарғы жас шектеуі бар ма?
Полиция департаменті мәліметінше, көлік жүргізуге ең жоғарғы жас шектеуі қарастырылмаған, 80-де болса да, 90-да болса да тізгінге отыруға болады. Дегенмен, кейбір шектеулер бар.

"Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін адам кем дегенде 18 жаста болуы қажет. Алайда заңда жоғарғы жас шегі белгіленбеген.
Соған қарамастан, жасы үлкен жүргізушілер денсаулық жағдайына байланысты шектеулерге тап болуы мүмкін. Бұл шектеулер жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде немесе қайта емтихан тапсыру кезінде медицина қызметкерлерінің қорытындысына негізделеді", – деді полиция өкілдері.
Қандай ауру болғанда көлік жүргізуге тыйым салынады?
Егер жүргізушіде келесі аурулар болса, оған жүргізуші куәлігі берілмейді немесе кезекті медициналық тексерісте құжатынан айырылуы мүмкін:

Психикалық бұзылыстар
Ауыр белгілері бар созылмалы психикалық аурулар (шизофрения, сандырақтау).
Аффективті бұзылыстар (ауыр депрессия, биполярлық бұзылыс).
Жеке тұлғалық бұзылыстар (мысалы, антиәлеуметтік мінез-құлық).

Ақыл-ой кемістігі.
Нашақорлық пен маскүнемдік (егер ремиссия 2 жылдан аз болса).
Неврологиялық аурулар

Эпилепсия.
Көру қабілетіне байланысты мәселелер

Ахроматопсия (түстерді ажырата алмау).
Соқырлық.
---
09 сәуір 2025 ж. 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930