» » Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру тәртібі өзгереді

Ішкі істер министрлігі мен қаржы министрлігі “әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауды оңтайландыру” пилоттық жобасын іске қосу туралы бұйрық дайындады. 


Жоба 2021 жылғы 1 қазанынан бастап 2022 жылғы 30 қыркүйегіне дейін іске асырылатын болады. 
Жүргізуші куәлігін алу үшін алдымен теориялық, одан кейін практикалық емтихан тапсыру керек. Бұрын емтиханның бірін тапсыра алмаған адам келесі күні тағы шақырылатын. Ал жаңа бұйрықтың жобасына сәйкес, қайта тапсыру үшін арада кем дегенде бір күн уақыт өту керек, бұл екі емтиханға да (теориялық және практикалық) қатысты.  
Теорияны тапсырмаған адам практикалық емтиханға жіберілмейді. 
Ережеде теориялық емтихан тапсыру үшін емтихан тапсырушылар сынақ күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей "электрондық үкімет" порталы арқылы, порталдың интеграциялық сервистері арқылы немесе мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы өтініш бере алатындығы туралы тармақ пайда болады. 
"Емтихан алушы теориялық емтихан тапсыру үшін бос орындардың болуына қарай тестілеу күніне дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей теориялық емтихан тапсыру орнын, күні мен уақытын өзі таңдайды", – делінген құжатта. 
Ереже өзгерістерінің толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Бұйрық жобасы 22 қыркүйекке дейін "Ашық НҚА" сайтында талқылау үшін орналастырылды. 

08 қыркүйек 2021 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 253

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 353

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930