» » Қазақстанда алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

Қазақстанда алдағы уақытта жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгереді

Қазақстанда енді көлік жүргізушілері онлайн оқып, куәлік ала алмауы мүмкін. Бұл үшін әр азамат автомектепке жазылып, алдымен теориялық білімін жетілдіріп, кейін практикалық тәжірибеден өтеді деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы. 
Ашық талқылауға шығарылған құжатқа сәйкес механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау жөніндегі қағидаларға өзгеріс енгізу жоспарланған. Сондай-ақ жүргізуші куәлігін беру мәселесіне қатысты да түзетулер қарастырылған. Демек алдағы уақытта онлайн және қашықтан оқыту нысандары жұмысын тоқтатады.
Мәселен, қазір теориялық оқытуды онлайн тәртіпте жүргізуге мүмкіндік бар. Енді бұл норманың күші жойылса, оқыту сапасы да айтарлықтай артуы мүмкін. Әрі қаулының жаңа редакциясында әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтыны айтылған.
Министр Марат Ахметжанов жүргізушілерді қашықтан дайындау әдісі сақталуы мүмкін деді. Себебі жол көлік оқиғаларының негізгі себебі бұл емес. Бір жағынан жаңа тәртіп көпшілік үшін тиімсіз бола ма деп топшылайды. Десе де министр емтихан талаптарының күшейтілетінін айтады. Өйткені бұған дейін емтиханға бөгде адамдар кірген деректер тіркеліпті. Сондай-ақ кісі тасымалымен айналысатын жүргізушілер мен заңдастырылған көліктердің техникалық байқауына қатысты талаптар күшейтіледі. 
09 наурыз 2023 ж. 523 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 406
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930