» » Алғаш рет мектепте «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді

Алғаш рет мектепте «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді

Президент тапсырмасына сәйкес және Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:
  • Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
  • Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
  • Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру; 
  • Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
  • Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.
— Жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді, — делінген хабарламада.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
31 наурыз 2025 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30