» » ЗАҢНАМАҒА ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ЕНГІЗІЛДІ

ЗАҢНАМАҒА ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ЖАЗА ЕНГІЗІЛДІ

10 қаңтар 2025 жылы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Бұл ретте, Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК) әкімшілік жазаның жаңа түрі, яғни «қоғамдық жұмысқа тарту» түріндегі жаза енгізіліп, 01.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қоғамдық жұмыстар әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның өзінің тұрғылықты жерінде орналасқан қоғамдық орындарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін, қоғамға пайдалы ақысыз жұмыстарды орындауынан тұрады.
Аталған әкімшілік жаза 11 бап бойынша көзделген және сотпен тек жеке тұлғаларға қатысты қолданылады. Қоғамдық жұмыстар жүкті әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ерлерге, он сегіз жасқа толмаған адамдарға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан ерлерге, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылмайды.
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Заңнамаға енгізілген жоғарыда аталған толықтырулар мен өзгерістер туралы мәліметтер аудандық прокуратурамен әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жарияланатын болады.
Сіздерді әрбір әрекетті ойланып жасап, құқықбұзушылықтан аулақ болуға және заңнамалармен қарастырылған барлық міндеттерді тиісті дәрежеде сақтауға шақырамыз.
Сонымен қатар, жақындарыңызбен, туыстарыңызды құқықбұзушылық жасаудан және құқықбұзушылық құрбаны болудан сақтануға насихаттаңыз.
Қармақшы аудандық прокуратурасы
30 наурыз 2025 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 526

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930