» » ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАТАҢДАДЫ

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАТАҢДАДЫ

Ағымдағы жылғы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізілетін болады.
Осы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 43 бап бойынша әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату және күшейту, сонымен қатар 12 бап бойынша жеңілдету қарастырылған.
Мысалы, ӘҚБтК-тің 434-бабының 1-бөлігінде (Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау) көзделген әкімшілік құқықбұзушылық үшін бұрын тек он айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған болса, енді он АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза көзделген.
Аталған баптың екінші бөлігінде (осы әкімшілік құқықбұзушылықты бір жыл ішінде қайта жасау) көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылық үшін жиырма АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе сексен сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған.
Бұдан бөлек, ӘҚБтК-тің 438-бабында (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасаған үшін салынатын айыппұл мөлшері екі есе, яғни отыз АЕК-ден алпыс АЕК-ке көбейген.
Құрметті аудан тұрғындары!
Заңнамаға енгізілген жоғарыда аталған толықтырулар мен өзгерістер туралы мәліметтер аудандық прокуратурамен әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жарияланатын болады.
Сіздерді әрбір әрекетті ойланып жасап, құқықбұзушылықтан аулақ болуға және заңнамалармен қарастырылған барлық міндеттерді тиісті дәрежеде сақтауға шақырамыз.
Сонымен қатар, жақындарыңызбен, туыстарыңызды құқықбұзушылық жасаудан және құқықбұзушылық құрбаны болудан сақтануға насихаттаңыз.
Қармақшы аудандық прокуратурасы
24 наурыз 2025 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 548
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31