» » Ұсақ бұзақылық үшін жаза ауырлады

Ұсақ бұзақылық үшін жаза ауырлады

qarmaqshy-tany.kz Ұсақ бұзақылық  - бұл қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу, ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы ортақ пайдаланылатын орындарды, мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434—бабының  санкциясында ұсақ бұзақылық жасаған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу, не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. 2023 жылы 3 қаңтардағы №187-VIIзаңға сай енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға  орай қазіргі таңда бұл бап бойынша айыппұл мөлшері 20 АЕК –ке  (69 000 теңге), әкімшілік қамақ мерзімі  он бес тәулікке дейінгі мерзімге ұлғайған. Сонымен қоса, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін  ұсақ бұзақылық бір жыл ішінде қайталанса, жаза мерзімі он бестен отыз тәулікке дейінгі мерзімге  әкімшлік қамаққа алуға алып келеді.
Айыппұл төлеп қамаққа алынғыңыз келмесе, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын сақтап, заңды бұзуға жол бермеген абзал.
Аида Мырзағұлова,  
Қармақшы аудандық сот әкімшісінің бас маманы 
27 қыркүйек 2023 ж. 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 481
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31