» » Балағат сөздерге салынатын айыппұл нормасы түсіндірілді

Балағат сөздерге салынатын айыппұл нормасы түсіндірілді

Жуырда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқан азаматтарға ірі айыппұл салынатыны жайлы белгілі болды. Соңғы күндері әлеуметтік желі қолданушылары бұл тақырыпты қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ретте ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының міндетін атқарушы Азамат Құрымбаев балағат сөздерді қолданғандарға қарастырылатын жаза түрлері жайында айтып берді.
«Қазақстан заңнамасында балағат сөздер үшін жауапкершілік бұрыннан көзделген. Мәселен, қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде қорлау – бұл қылмыстық теріс қылық. Оны жасағаны үшін жауапкершілік 100 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде немесе 120 сағатқа дейін түзеу, я болмаса қоғамдық жұмыстар түрінде көзделген. Бұдан әрі құқық бұзушымен отбасылық-тұрмыстық қатынастарда тұрған адамдарға айқын құрметсіздік білдіретін және қылмыс құрамын қамтымайтын балағат сөздер мен басқа да әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Жаза сот арқылы ескерту немесе 5 тәулікке дейін қамаққа алу түрінде болуы мүмкін», деді Азамат Құрымбаев.
Оның айтуынша, ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілік қоғамдық орындарда, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіру, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, балағат сөздер айтылған жағдайда ғана туындайды.
«Осы жылдан бастап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза күшейтіледі. Бұл қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу мақсатында жасалды. Қазір автобуста біреу балалардың немесе аға буын адамдардың көзінше, яғни қоғамдық орында, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан жағдайда, бұл үшін айыппұл 17 250 теңгені құрайды немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады. 6 наурыздан бастап мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК (69 мың тенге түріндегі жаза) айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделген», деп түсіндірді спикер.
Бұл ретте, адамдар бір-біріне жалған айып тақпауы үшін шағымданушы полиция қызметкерлеріне нақты дәлелдемелер ұсынуы қажет. Бұл - азаматтардың өтініші, куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ құқық бұзушылықтың аудио немесе бейнетүсірілімі, қажет болған жағдайда сарапшының қорытындысы. Құқықтық бағаны сот береді.
«Әлеуметтік желілерде балағат сөздер айтқаны үшін, егер бұндай әрекеттер қоғамдық орындарда немесе айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, азаматтардың тыныштығын бұзса, бұл ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.  Жалпы қай тілде болмаса да балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілік қарастырылады», деп қорытындылады Азамат Құрымбаев.
13 қаңтар 2023 ж. 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 290

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 385

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930