» » Алматыда 30 млрд шығын келтірген микроқаржы ұйымдарының алаяқтық схемасы әшкереленді

Алматыда 30 млрд шығын келтірген микроқаржы ұйымдарының алаяқтық схемасы әшкереленді

Мемлекет басшысының халықтың қарыз жүктемесінің өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз несие беру схемаларын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.
Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті алты микрофинанстық ұйымның заңсыз әрекеттерін әшкереледі.
“Creditum” МҚҰ, “Sofi Finance” МҚҰ, “Hava Finance” МҚҰ, “SF Offline” МҚҰ, “POS Credit” МҚҰ, “Сәлем Кредит” МҚҰ басшылығына қатысты алаяқтық және заңсыз кәсіпкерлік қызмет бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Төлемдері кешіктірілген қарыз алушыларды «KOKE.KZ», «TENGO.KZ», «HAVA.KZ» платформалары арқылы серіктес компаниялармен кепілдік шарттарын жасауға мәжбүрлеген.
Бұл ретте кепіл берушінің жауапкершілігі тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана күшіне енген.
Аталған қызмет үшін бастапқы несие сомасынан бірнеше есе асып түсетін төлемдер алынған, бұл азаматтарды қарызға батырады.
Нәтижесінде қарыз алушылар несиенің бастапқы сомасынан 3-5 есе көп төлем жасауға мәжбүр болған. Мысалы, қарыз алушы Ш. 120 мың теңге несие алып, тек кепілдік үшін 446 мың теңге төлеген, бұл сома негізгі қарыз бен есептелген, пайыздарды қоспағандағы көрсеткіш.
Осылайша, микроқаржы ұйымдарының негізгі табысы жалған кепілдік шарттары бойынша төлемдерден жасалған.
Аталған заңсыз әрекеттерденжалпы сомасы 30 миллиард теңге көлемінде шығын келген.
Тергеу жалғасуда.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
27 наурыз 2025 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930