» » 27 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ

27 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ


Театр - кез келген елдің мәдениеті көрініс тауып, талай тағдырлар тоғысатын, сан түрлі сезім сипатталатын, түрлі тақырыптан сыр шертетін мәдени орда. Киелі сахнаның арғы жағы мен бергі жағындағы қызметкерлер бұл мерекенің маңызын түсінеді. Атаулы күнге орай Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық Қазақ академиялық музыка театр директорының орынбасары
Серік Жақсығұлов пен қалалық Жастар театрының директоры Нұрмат Мансұр және театрдың көркемдік жетекшісі Оңталап Нұрмаханов маңызды мерекенің мәнін мазмұндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

- Бүгін театр саласы үшін дәстүрлі мереке. Ұжым болып асыға күтетін күн. Жан-жағымызды түгендеп, айналамызды бүтіндеп, өткенге көз тастап, болашағымызды саралап алатын театр саласының мерекесі. Біздің театрда болған әр туынды көрермен қауымның көз алдында. Қазақтың халық поэзиясының тарихында өзіндік дара шығармашылық ерекшелігімен, мәңгілік ақындық екінші өмірін жасап кеткен үлкен тұлға - Нартай Бекежановтың 135 жылдығына орай О.Бодықовтың “Нартай” драмасы сахналанды. Одан Э.Р.Рудольфтың «Мюнхаузеннің әлемі» балаларға және ересектерге арналған буффонада қойылымы қойылды. Жалпы жұмыстар жетерлік.
Айтулы мерекеге орай, театрымыздың тұрақты көрермендерін 27 наурыз күні болатын “БЕКЕЖАНОВ SHOW” атты ерекше форматтағы мерекелік кешіміздің қадірлі қонағы болуға шақырамыз,- деді Серік Орынбекұлы.

- Жалпы біздің қоржынымызда он үшке жуық спектакль бар. “Отырар жасыны” , “Ұлардың дауысы” , “Неге” , “Абай” сынды қойылымдарды біздің театр үйірме кезінен бастап халыққа ұсынған. Былтыр өңірімізде “Руханият жылы” жылы болғанын білесіздер. Осыған орай Жастар театры 5 премьера жасады. “Оң қол” психологиялық драмасы, “Сезімді қайтейін…” лирикалық драмасы, “Еңлік-Кебек” трагедиясы, “Неге жаным шығарып сала алмадың” лирикалық қойылымы, “Бикештер комедиясы. Бұл Жастар театрының былтырғы жұмысы. Алда жоспарымыз бар. Ертең 27 наурыз - халықаралық театр күніне орай өзбек халқының шығармасы “Қызыл алма” спектаклін ұсынамыз. Сондай-ақ өзіміздің бір жылғы атқарған жұмысымызға есеп береміз,- деді Нұрмат Абдоллаұлы.

Театрда сахналанатын әр қойылымда режиссердің өз қолтаңбасы болады. Басы, ортасы, аяғы бар дүниені қалыптастыру, қиялына қанат бітіру режиссердің еселі еңбегі екені сөзсіз.

- Театр күні тек театр күні емес, адамзаттың “рухани күні” деп аталады. Руханияттың негізгі қара шаңырағы театр болып саналады. Сондықтан да театрға келіп, өзіңді өзің көріп, тарихыңды танып, ұлтты ұлықтау бәрі-бәрі осы театрдың қабырғасынан шығып жатады. Театр бір күнде өсіп,өніп, толықпайды. Ол жылдардың жетегінде қоғаммен бірге өсіп, заманмен бірге зерделеніп отыратын өнер,- деді Оңталап Дүйсенәліұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
26 наурыз 2025 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

№20 (10388)

17 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 554
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930