» » ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ


Өзбекстандық опера әншісі, велосипедші және спорт ардагері Хурсанд Шеров Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай халықаралық бағыттағы веломорофон аясында Қызылорда қаласына аялдаған болатын.
Осыған орай, бүгін ардагер велосипедші қаладағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжіне арнайы барып, ұлағатты ұстаздар және білім алушылармен кездесті. Аталмыш шараға облыстағы өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері, БАҚ өкілдері, спортшы жастар мен студенттер қатысты.
Кездесу барысында Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, қазақтың батыр қызының жанқиярлық ерлігін ұмыт қалдырмау туралы өнегелі әңгіме өрбіді.
Осы орайда Хурсанд Шеровке Сыр елі атынан велоспорттан ұлттық құраманың жейдесі табысталды.
Кездесу соңы мерекелік бағдарламаға ұласып, көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

25 наурыз 2025 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031