Құрылтай

Наурыз

Күн жылып, көктем айы жадырады,
Наурызды жұрттың бәрі сағынады.
Шөп шығып, жер бусанып, мал төлдейді,
Өзгеріп күллі әлем атырабы.
Наурызым, жылдың басы берекелі,
Наурыз айы, көпке ортақ мерекелі.
Түн қысқарып, «ұзын сары» бой көрсетіп,
Еңсені көтеретін кезі келді.
Наурызда салт-дәстүрде жаңғырады,
Қазақтың әдептелген сан құрағы.
Шапанын желең жауып иығына,
Кимешекті әжелер қыдырады.
Наурыз сәнін келтірер қыз-бозбала,
«Қыз қуу, аударыспақ, алты бақан», ойын қайда?
Шегіне жете алмассың қазағымның,
Дәстүрі, ырым-тыйым, сән салтына!
Наурыз көже дәміне тіл үйірер,
Ауыз тиіп үлкендер, бата берер.
Жыл басы – наурыз айы құтты болсын,
«Жауынмен жер, батамен ел көгерер»!
Ауылымыздың айбыны арта берсін,
Бақ қонып, қастарына Қыдыр келсін!
Аман боп, ел жұртымыз жылдан-жылға,
Еңбектің ризығын халқым көрсін!

Сырға АЛДАСҮГІРОВА

23 наурыз 2025 ж. 459 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 662
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 116

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31