» » Жақсы істердің бастамашысы

Жақсы істердің бастамашысы

Сыр өңірінің кәсіптік білім саласында тұлғалы, ұлағатты ұстаз қауымы жетерлік. Себебі, жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беруде қаншама ұстаздарымыз қалтқысыз еңбек етсе, бүгінгі таңда да сол ұлағатты жандармен ұрпақ сабақтастығы жалғасып келеді. Білім саласының ішінде кәсіптік-техникалық мамандар даярлауда өзіндік маңызы бар. Осы салада қалтқысыз қызмет етіп, ізгі адами қасиеттерімен айналасында құрметке бөленген ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі,«Қызылорда облысының Құрметті қайраткері» атағының иегері Сексенәлі Раханов ағамызды Сыр жұртшылығы жақсы таниды десек артық айтқандық емес. Биыл ардагер ұстаздың туғанына 80 жыл толып отыр.

Жақында Академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде даталы жылға орай «Сексенәлі Раханов жұмысшы мамандарының даярлық жүйесінің негізін қалаушы» және «Адал еңбек – адал табыс» атты жұмысшы мамандықтар жылының ашылу апталығы өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды. Қазақстанда жұмысшы санатына әртүрлі мамандықтар кіреді. Осы қатардың сап басына автокөліктер мен машиналарды жөндейтін механик маман, электрик, құрылысшы, тігінші, тағы басқалары жатады. Атаулы мамандықтар өндіріс, құрылыс, қызмет көрсету және ауылшаруашылығы сияқты түрлі салада өте маңызды рөл атқарады. Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жол картасы негізінде осы жылға колледжішілік жұмыс жоспары құрылды. Сол жоспарға сәйкес директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұргүл Қожантайқызы «Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу туралы» баяндама жасады.

Апталық жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушысы Жанат Жанұзақова «Сексенәлі Раханов – Қызылорда облысының кәсіптік-техникалық білім беру саласын қалыптастырған басшы» тақырыбында пән оқытушылармен конференция өткізіп, онда ардагердің еңбек жолы мен білім саласына сіңірген еңбектері жөнінде мәлімет берді.

Сексенәлі Раханов – өмір белестерінде тамаша педагог, білікті басшы, ұтқыр ұйымдастырушы болған қайраткер. Өмір бойы іздену, еңбек ету, тынымсыз тірлік жасау – оның өмірлік басты қасиеттерінің бірі болған. Қандай қызметте жүрсе де ол ең алдымен ұлағатты ұстаз бола білді.

Апталық аясында колледж кітапханасында «Сексенәлі Рахановтың туғанына – 80 жыл» атты кітап көрмесі таныстырылды. Іс-шараның мақсаты – студенттерді кәсіптік білім саласының майталманы, ардагер ұстаздың өмірбаянымен шығармаларын насихаттау. Сондай-ақ білім алушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік жасау. Ұлтжандылыққа, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу, өз елінің біртуар азаматына деген мақтаныш сезімдерін ояту.

Колледждің дене шынықтыру пәні оқытушысы Жазылбек Садуов апталық аясында педагогтар арасында «Теннис – сенім мен шеберлікке негізделген өнер» тақырыбында үстел теннисінен жарыс өткізді. Жарысқа он спортшы қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысқа толы бәсекеде қыздар арасында өткен жарыста жүлделі орынды жалпы пән оқытушысы Баян Калмаханова, ал ерлер арасында өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынды жалпы пән оқытушысы Ғабит Қалыбаев иеленді.

Сондай-ақ, колледждің жалпы пән оқытушысы Айкүміс Қосуақова «Сексенәлі Раханов – жұмысшы мамандарының негізін қалаушы» тақырыбында бейнероликтер байқауын ұйымдастырса, арнайы пән оқытушысы Баян Қожанова «Сексенәлі Раханов оқулары – Жұмысшы мамандарын даярлаудың бүгіні мен болашағы» тақырыбында педагогикалық оқу өткізді. Сонымен қатар колледждегі барлық топта тәрбие сағаты өткізіліп, білімгерлер кәсіптік білім саласына еңбегі сіңген тұлға туралы мол мәліметке қанықты.

Білім беру саласында қырық жылдан астам уақыт абыройлы қызмет атқарып, сан мыңдаған шәкіртті түлеп ұшырған, өмірі өнегеге толы ұстаз – Сексенәлі Рахановтың есімі ел жадында мәңгі сақталады.

Қымбат БЕРДЕШ
25 ақпан 2025 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31