» » МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


"AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалы жанынан құрылған жұмысшы топ Қармақшы ауданы Ақай ауылы маңынан өтетін Сырдария өзенінің бүгінгі жағдайын бақылап, су тасқынының алдын-алу бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Жұмысшы топ құрамына "AMANAT" партиясы Байқоңыр филиалының Атқарушы хатшысы Мақсат Есбенбетов, партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Сейл Жұмадьяров, Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қорғау капитаны Данияр Байрахметов, "Ақай" БПҰ жетекшісі Гүлмира Орынбаева, партия филиалы жанындағы "Жастар Рухы" ЖҚ жетекшісі, Жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Ердаулетов кірді.

Зерделеу жұмыстары барысында көктемгі мұз жүру кезінде су тасқынының алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстарға басты назар аударылды.

Сондай-ақ, жұмысшы топ қорғаныс бөгеттерін қарап, қыс кезеңіндегі мұз айдындарындағы жүргізіліп жатқан қауіпсіздік шараларын талқылады.
06 ақпан 2025 ж. 350 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 365
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728