» » ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБАДЫ

ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Сейсенбі күні Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Негізгі тақырыбы – еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және жаңа кезеңге арналған мақсаттар мен міндеттер. Отырыста Президент ауылшаруашылығы мәселесіне ерекше назар аударды және мына мәселелер туралы баса атап өтті.
Одан бөлек, ауылды дамыту аясында Қасым-Жомарт Кемелұлы инфрақұрылымды жаңғыртуға, бизнесті қолдауға және ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігіне назар аударды. Ол үшін «Ауыл аманаты» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламалары бірыңғай құжатқа біріктіріліп, «Қазпошта» бөлімшелері арқылы еліміздің ең шалғай бұрыштарында да үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.
Қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтеру мақсатында «Биыл – жұмысшы мамандықтары жылы. Осыған орай маңызды іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылмақ. Еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіледі» деді Президент.
Инвестиция тарту қажеттігін атап өтіп, «Қазіргі жаңа геосаяси және экономикалық жағдайда индустрияға болсын, ауылшаруашылығына болсын, жалпы ел экономикасына жеке инвестиция тарту – Үкіметтің басты міндеті» деп тапсырды.
Сонымен қатар бүгінгі күннің басты мәселесіне айналған әлеуметтік желілердегі келеңсіз жағдайларға да тоқталды. Президент интернетте адамдардың пікірін басқаратын, билікке деген сенімге нұқсан келтіретін және алауыздық тудыратын жалған ақпарат пен құймалар көбейіп келе жатқанын айтты. Бұл азаматтардың қауіпсіздігі мен елдің тұрақтылығына қауіп төндіреді. Сондықтан интернет-платформалардың деструктивті контент үшін жауап беретіндігі жөніндегі заң туралы ойлану керек екені айтылды. Алдағы уақытта Үкіметке жүктелген барлық тапсырмалар орындалады деген үміттемін және еліміздің жарқын болашағына мол сеніммен қараймын!
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА,
No250 мектеп-лицейдің мұғалімі
01 ақпан 2025 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930