» » Тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру үшін Үкімет Парламентпен тығыз жұмыс жасасуы да керек

Тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру үшін Үкімет Парламентпен тығыз жұмыс жасасуы да керек

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыс барысында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың бағыт-бағдарлары талқыланып, айқындалды.
Мемлекет басшысы өз сөзінде маңызды сегіз түрлі бағытта Үкіметке тапсырмалар берді. Солардың ішінде экономиканы әртараптандыру, цифрландыруды енгізу, инфрақұрылымды, энергетика саласы мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту, салық және бюджет саясатын реформалау, маңызды жобаларды қаржыландыру және әлеуметтік қолдау мәселелері айтылды.
Әрине, берілген тапсырмаларды тиімді жүзеге асыру үшін Үкімет Парламентпен тығыз жұмыс жасасуы да керек, себебі көптеген мәселелер тиісті заңнамалық түзетулерді де талап етеді. Әсіресе бұл салық және бюджет саясатына, сондай-ақ кеше ғана Мәжілістегі Үкімет сағатының тақырыбы болған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты. Менің ойымша, бұл ретте депутаттар да Президенттің саясатын қолдап, белсене жұмыс атқарады.
Сонымен қатар, еліміздің қарқынды және тұрақты дамуын қамтамасыз ету толығымен тек мемлекеттік қызметтегі азаматтарға ғана байланысты емес. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстану өте маңызды екені сөзсіз.
Гүлжауһар РАЕВА,
партия ардагері
28 қаңтар 2025 ж. 233 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 116
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031