» » ПОСТОМАТТАН АЛЫП ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ

ПОСТОМАТТАН АЛЫП ЖҮР ТАЛАЙ ҚАЗАҚ БАЛАСЫ

Бұрынғыдай емес қазір аудан ажары айшықтала түскен. Туған жерден жырақта жүргендер елге келгенде «Қармақшы қаладан кем емес болып қалыпты» дегенде іштей қуанып қалатынымыз бар. Бүгінде кент орталығынан түрлі тамақтанатын орындар, гүл сататын дүкендер, сұлулық салондары көптеп ашылуда. Кәсіптік сала да кең етек жайып келеді. Бірақ дейтұғын дүние бар.
Бірде редакцияға келген Дастан Мырзабеков ағамыз «Бізде азық-түлік, киім-кешек дүкендері көп. Бір өкініштісі, кітап дүкені жоқ» дегені бар-ды. Ағай кеткен соң әріптес аға-апалармен осы тақырыпты біраз талқылағанбыз. Әңгімелестік, ой бөлістік. Рас-ау, иә? Бізде дүкеннің түр-түрі бар.
Кітап оқитын жастар бар арамызда. Олар ауданда кітап дүкенінің жоқтығын сылтау қылып отырған жоқ. Кітапқа сұраныс жоқ деп те айта алмаймыз. Себебі постоматтан кітап алдыратын талай жанды білемін. Кітапханадан таба алмаған кей кітабын интернет дүкен арқылы тапсырыс беріп, оқитындары да бар.
Шынтуайтында қазір кәсіптің қай саласы болсын бәрі онлайн бағытқа бет бұрған. Заманына қарай түрленіп, жаңарып жатыр. Кітап дүкендері де соған қарай бейімделген. Қажетті кітабын тапсырыспен алады көбі. Әрине, бизнес дегенде біразы қалтаның қамын ойлайтыны белгілі.
Кітап бизнесін ашу екі түрлі пікірге ие. Бірі кітап оқитындардың көп екенін айтса, екіншісі ол тиімсіз, адамдар онлайн оқығанды ұнатады деп есептейді. Кітап дүкенінің артықшылығына тоқтала кетсек. Кітап сатуға кеткен инвестиция бір жыл ішінде өтеледі екен. Сонымен қатар ең қиын экономикалық кезеңдерде де кітап басылымына сұраныс азаймайды және жылына 25% кіріс алады. Тағы бір артықшылығы – басқа тауар сияқты жарамдылық мерзімі болмайды. Сондықтан алғашында сатып алушылар аз болса да, оның иесі шығынға ұшырамайды. Бұл кітап оқитын және әдебиетті жақсы білетін адамдар үшін керемет бастама. Үлкен инвестицияларды қажет етпейді және елеулі шығындарға әкелмейді.
Кемшіл тұсын да тілге тиек етсек. Ең бірінші көпшіліктің кітап оқымауы. Көбісі электронды кітаптарды оқығанды жөн көреді. Сонымен қатар басылым көп, одан бөлек кітаптардың пираттық нұсқалары. Олардың көпшілігі қызықсыз әрі бос кітаптар. Әр кітапты талдау, зерттеу қиындық тудырады. Кітапты да беталды оқымай, оған да талғаммен қараған дұрыс.
Сөз соңында айтпағымыз мынау. Жалпы көп жағдайда сыртқы әлемімізді сымбатты етуге тырысамыз. Ал жан саулығы мен ішкі дүниенің нұрлануына не жасап жатырмыз? Бір сәт ойланып көрейікші. Күнделікті ұйқыдан оянғанда беті-қолды жуғанымыз секілді жанымызды да жуындырып отырғанымыз жақсы емес пе?! Ал сол жанымыздың жадырап жүруі кітапты жиі оқуда жатыр ғой. Ол үшін ауданға бір кітап дүкені керек-ақ.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
27 қаңтар 2025 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 342
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031