» » АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ

АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ


Аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, ақын әрі жазушы Алтай Үсенұлын қабылдап, 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Аудан басшысы мерейтой иесінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы елеулі еңбегі мен шығармашылық жетістіктерін ерекше атап өтті. Алтай Үсенұлы ұзақ жылдар бойы аудандық «Қармақшы таңы» газетінде абыройлы қызмет атқарып, ширек ғасырдан астам уақыт басшылық еткен. Оның жетекшілігімен талай жас журналистер тәжірибе жинақтап, медиа саласында танымал тұлғаларға айналды.

Сондай-ақ аудан басшысы талантты қаламгердің рухани байлығы мен шығармашылық қарымының ел құрметіне бөленіп, одан әрі де кемелдене беретініне сенім білдіріп, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен шығармашылық табыстар тілеп, аудан халқы мен әріптестері атынан ризашылық білдіріліп, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Одан кейін, «Сырмедиа» ЖШС бас директоры Марат Аралбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, білім саласының ардагері Дастан Нәзікбаевтар сөз сөйлеп, мерейлі мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ, Қызылорда облысының Құрметті ардагері төсбелгісі табысталды.

16 қаңтар 2025 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930