» » «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫ» БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫ» БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының мәжіліс залында, аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауына әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша комиссия отырысы болып өтті. Отырысқа партия белсенділері, және үкіметтік емес ұйым төрағаларымен комиссия мүшелері қатысты. Комиссия төрағасы Д. Буханов «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының мақсаты және ережелерімен таныстырды. Байқаудың мақсаты өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, өзекті әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету. Одан соң комиссия төрағасының орынбасары аудандық жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы З. Метерова байқаудың үш кезеңді қамтитынын атап өтті. байқаудың өңірлік кезеңінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – Бөлімдер) қатысушылардан өтінім қабылдау мен өңдеуді және түскен өтінімдерді партияның өңірлік филиалдарына жіберуді ұйымдастырады. Партияның өңірлік филиалдары Бөлімдермен бірлесіп байқау комиссиясының жұмысы үшін құжаттарды әзірлеуді, байқау комиссиясының отырысын ұйымдастыру және әзірлеуді, жүлделі орын алған жеңімпаздардың құжаттарын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына жолдауды қамтамасыз етеді;
2) байқаудың аумақтық кезеңінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі – Басқарма) өңірлік байқаудың жеңімпаздарының құжаттарын қабылдауды ұйымдастырады, партияның аумақтық филиалдарына жіберу үшін өңірлік байқау жеңімпаздарының тізімі мен құжаттарын жинақтайды. Партияның аумақтық филиалдары Басқармалармен бірлесіп байқау комиссиясының жұмысы үшін құжаттарды әзірлеуді, қорытындылау және жүлделі орын жеңімпаздарын анықтау үшін байқау комиссиясының отырысын ұйымдастыру мен әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Партияның аумақтық филиалдары байқаудың аумақтық кезеңінің қатысушыларын атап өту және жүлделі орын жеңімпаздарын құттықтаудың салтанатты рәсімін ұйымдастырады. Аумақтық байқау жеңімпаздарының құжаттары Министрлікке жолданады.
Байқаудың аумақтық кезеңінің қатысушыларын атап өту және жүлделі орын жеңімпаздарын құттықтаудың салтанатты рәсіміне Партияның орталық аппаратының және Министрліктің өкілдері қатысады.
3) байқаудың республикалық кезеңінде Министрлік аумақтық байқаудың жеңімпаздарының құжаттарын қабылдауды ұйымдастырады, Партияның орталық аппаратына жіберу үшін қатысушылардың тізімі мен презентация материалдарын жинақтайды.
Партияның орталық аппараты Министрлікпен бірлесіп Орталық байқау комиссиясының жұмысы үшін интернет дауыс беру нәтижесін ескере отырып құжаттарды әзірлеуді, байқау комиссиясының отырысын ұйымдастыру мен әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Орталық байқау комиссиясы презентация материалдары мен интернет дауыс беру нәтижелері қаралатын отырыс өткізеді. Байқаудың республикалық кезеңінің жеңімпаздарын анықтау және көрме өткізу жөніндегі шешім Орталық байқау комиссиясымен ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беру және интернет дауыс беру нәтижелерін ескеру жолымен қабылданады.
Партияның орталық аппараты және Министрлік бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес байқаудың республикалық кезеңінің қатысушыларын атап өту және жүлделі орын жеңімпаздарын құттықтаудың салтанатты рәсімін ұйымдастырады.
Аталған кезеңдер бойынша ҮЕҰ төрағалары байқауға толықтай қатысатындықтарын сонымен қатар, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын «Президентінің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі – Қазақстанның келешегін қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-шаралар жоспары, мемлекеттің әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған тың қадамдары деп сеніммен айта аламыз. Мемлекет басшысының үндеуіндегі бастамалар отандастарымыздың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін, зияткерлік сапасын жоғарылатуды һәм жақсартуды көздейді деген пікірлерін білдірді.

08 маусым 2018 ж. 1 414 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031