» » ЖЕРЛЕСТЕРІ "АЛТЫН ДОМБЫРА" ИЕГЕРІН КҮТІП АЛДЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІ "АЛТЫН ДОМБЫРА" ИЕГЕРІН КҮТІП АЛДЫ

Бүгін "Қорқыт Ата әуежайынан" Астана қаласында өткен "Төрлет, еңбек адамы" тақырыбындағы республикалық ақындар айтысының «Алтын домбыра» иегері атанған, күні кеше Ұлытау облысында өткен республикалық ақындар айтысының бас жүлдесі - темір тұлпарды иеленген Сыр айтысының сұңқары Мейірбек Сұлтанханды жерлестері күтіп алды. "Облыстың бас ақыны" атанған Маханбетқали Тұрсановтан бастап Мұхтар Ниязовқа дейінгі аралықта Сыр бойынан қаншама айтыс саңлақтары шықты. Осыдан 12 жыл бұрын Мұхтар Ниязов алғаш рет «Алтын домбыраны» жеңіп алып, осы жетістігін тағы да екі рет қайталап, үш мәрте «Алтын домбыра» иегері атанды. Қазіргі таңда «Алтын домбыра» облыстық тарихи- өлкетану музейінен орын алған.
Мейірбек Сұлтанхан Шиелі ауданының тумасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты.

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі. Мәдениет саласының үздігі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.2006 жылдан бері сөз сайыстарында әрдайым бас бәйге мен бірінші орынды иеленіп келеді. Қазақтың айтыс өнерінің бар құдіретін бойына сіңірген, шашасына шаң жұқтырмас дарабоз дәрежесіне жеткен Мейірбек Сұлтанханның «Алтын домбыра» айтысындағы жеңісі - сол жеңістерінің жалғасы.Ертең ақынның туған жері Шиелі ауданында «Руханият орталығының" ашылуы және «Алтын домбыраны» табыстау рәсімі өтеді.

Айтулы шараға Сыр елінің құрметті қонақтары, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, Мәжіліс депутаты, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай, Сенат депутаты, журналист, Нұртөре Жүсіп және ақын Өміржан Көпбосын қатысады.

Қызылорда Облысының Әкімдігі



03 қаңтар 2025 ж. 361 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930