» » "ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ-2025"

"ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ-2025"

Қызылорда облысы бойынша Жаңақорған ауданы орталығында 2-4 қаңтар аралығында мақсатты мектеп директорларына арналған, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің қолдауымен, "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен облыстық тәжірибе алаңы өз жұмысын бастады. Тәжірибе алаңын Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрайымы Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы ашып беріп, "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренері С.А.Кусейнов  жиынның жұмыс барысын таныстырып өтті.

"Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, пәндік мазмұнның негізі" тақырыбында орталық тренері Ж.Жұбауова, "Басшының кәсіби құзырлылық деңгейінің қалыптасуын анықтау" тақырыбында тренер С.Кусейновтар шеберлік сыныптарын өте жоғары шеберлікпен ұйымдастырып, мектеп директорлары өзара пікірлесіп, тәжірибе алмасты. Бағдарлама бойынша шығармашыл мектеп директорлары арасында "Ұжымның даму деңгейін анықтау" тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырылып, "Ауыл кеші көңілді" тақырыбында топтар арасында мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Іс- шара қорытындысы бойынша ауданымыз жүлделі үшінші орын иеленіп, өз белсенділіктерін көрсете білді.

03 қаңтар 2025 ж. 636 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 029
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 256

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031