ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА НЫСАНДАР АШЫЛДЫ
Биылғы жылы ауданымыз толағай табыстармен жаңа бастамаларға қол жеткізіп, ел экономикасы оң бағытта қарқын алды. Оған дәлел аудан бюджеті биыл 18 млрдтан асты. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде ауылдардың инфрақұрылымы дамып, халықтың жағдайы жақсаруда.
Өткен аптада аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртайдың қатысуымен аудандағы No284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты жанынан салынған спорт залдың және Қуаңдария ауылындағы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен салынған фельдшерлік- акушерлік пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Облыс әкімінің орынбасары жиналған қауымды Жаңа жыл мере- кесімен құттықтап, өңірдегі жетістіктерге тоқталды.
– Мереке қарсаңында аймағы- мызда бірқатар әлеуметтік нысан іске қосылуда. Жыл мәресінде жаңа ғимараттардың қолданысқа берілуі – атқарылған жұмыстың нәтижесі. Биыл облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 146 млрд 200 млн теңгеге жетті. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңіріміздің барлық ауданында 27 медициналық нысан салынуы жоспарланса, өткен жылы 16 жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, биыл қалған 11 нысанның құрылысы аяқталуда. Ал білім саласына бөлінген қаржы 264 млрд теңгені құрап, былтырғымен салыстырғанда 9,3 пайызға артты.
«Білімді қолдау қорының» қаржысына Қызылорда қаласында физика-математика мектеп-интернаты, «Инновациялық-шығарма- шылық орталығы», «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен құны 4 млрд 800 млн теңге болатын музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынуда. Бұл 3 нысан алдағы жылы пайдалануға беріледі. Әлеуметтік саладағы ауқымды жұмыстар жалғасын табады, – деді Қайрат Нұртай.
Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 900 орындық білім ордасы қазан айында табысталды. Бұл – еліміздегі ұлттық жоба шеңберінде пайдалануға берілген мектептердің алғашқыларының бірі. Бүгінде жалпы 6 000 орынға лайықталған 9 мектеп салынуда.
No284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты жанындағы қосымша ғимаратта ойын залы, мұғалімдер мен ұл-қыздарға арналған бөлек бөлмелер, сонымен қатар спорттық құрал-жабдық қоятын қойма қарастырылған.
Ал ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы маусым айында басталған. Онда тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуге арналған арнайы кабинеттер жабдықталған. Жаңа нысанға қол жеткізген ауыл тұрғындары қуаныштарын жеткізіп, алғысын айтты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ