» » ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!

ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!


Жаңа жыл – әр адамның жүрегіне үміт сыйлайтын, қуаныш пен мейірімге толы ерекше мереке. Қармақшы ауданы бұл айтулы күнді бар сән-салтанатымен қарсы алды.

Мерекелік шара ауданның орталық алаңында ұйымдастырылып, оған жергілікті тұрғындар мен қонақтар көптеп жиналды. Шараға қатысқан аудан әкімі Жандос Еркінбек, барша тұрғындарды Жаңа жылмен құттықтап, өткен 2024 жылдағы ауданның қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ алдағы 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Мерекелік кештің шырайын кіргізген басты кейіпкерлер – Аяз ата мен Ақша қар болды. Балалармен бірге ойын ойнап, ән шырқаған ертегі кейіпкерлері мерекенің көркін қыздырды.

Шара көркемөнерпаздардың арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Бұл мереке Қармақшы ауданы тұрғындарының бірлігін арттырып, олардың жарқын болашаққа деген сенімін нығайтты.

Барша қармақшылықтарға 2025 жыл тек қуаныш, денсаулық және жаңа мүмкіндіктер әкелсін! Жаңа жыл құтты болсын!

31 желтоқсан 2024 ж. 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 188
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 834

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031