» » 2025 жылы айыппұл мен жәрдемақы деңгейі қаншалықты өседі

2025 жылы айыппұл мен жәрдемақы деңгейі қаншалықты өседі

2025 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болады. Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлемдермен қатар айыппұл мөлшері де ұлғаяды. Мәселен, көлік басқару кезінде телефон арқылы сөйлескен не белбеу тақпаған жүргізушіге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл сома келесі жылы шамамен 20 мың теңге тең. Ал,түнгі оннан кейін көше кезген балалардың ата-аналары 12 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуге міндетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге деп белгіленіп отыр. Енді әлеуметтік төлемдер мен айыппұл көлемі өседі. Мәселен, зейнетақының ең төменгі мөлшері 62 771 теңгені құрамақ. Бала күтімі үшін үлестірілетін ай сайынғы жәрдемақы 21 265 теңгеден 22 648 теңгеге артады. Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңгеге ұлғаяды. Небәрі 2 821 теңге қосылып отыр. Бірақ ең төменгі жалақы 85 мың теңге деңгейінде қалмақ. 
Ал кешкі сағат оннан кейін елдің мазасын алып, тыныштықты бұзғаны үшін салынатын айыпақы 20 мың теңгеге жуықтайды. Яғни + 1200 теңге. Сондай-ақ қоғамдық орында түкірген немесе белгіленбеген жерге қоқыс тастап, құқық бұзған адам да осы 19 мың теңгені төлейді. Ал мұғалімді не дәрігерді балағаттаған кісі 39 000 теңге айыппұл арқалайды. 
Сарапшылар тым болмаса тұтынушылық себет пен төменгі жалақы көлемін тұрғындарға сезілетіндей етіп көтеру керек еді дейді. Пікірлерінше, халықаралық қаржы қорының есебінде, күніне 5 доллар жұмсайтын кісі кедей деп көрсетілген. Демек дәл қазіргі қымбатшылық қысқан кезеңде тұтыну себеті кемі 75 мыңға жетуі шарт. Бұл тиыннан теңге құрап, күнелтіп жүрген көп елдің жағдайын аз да болса реттеуге ықпал етеді. 
“Ол 75 мың – қайыршылық. Одан сәл-пәл шығам десеңіз, 85 мың деген ол төменгі жалақы емес, нағыз өмір сүрудің төменгі деңгейі деп экономист ретінде жаңағыдай есептеулермен сізге келтіруіме әбден болады. Төменгі жалақы 150 мыңнан төмен болмауы керек. Міне осындай біздің есептеулеріміз”, – деді экономист Жангелді Шымшықов. 
Экономист дәл қазір Үкіметтің ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейін көтеретін қауқары жоқ деп отыр. Себебі қаржылық мүмкіндігі жетпейді, қарызы көп. Әрі АҚШ-тың жаңа президенті қызметіне кіріскен соң ахуал одан әрі ушығуы да ықтимал.
21 желтоқсан 2024 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 999

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031