» » ПАРТИЯНЫҢ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ШАРА ӨТТІ

ПАРТИЯНЫҢ «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ШАРА ӨТТІ

«AMANAT» партиясының қолдауымен «Теміржол», «Аэропорт», «Жасталап», «Томанов» бастауыш партия ұйымдары арасында «Қылмыссыз өмір ертегі ме?» тақырыбында оқушылармен дебат пікірталас сайысы өтті.
Мақсаты: жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігін күшейту, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
Дебатта суицид, зорлық-зомбылық әрекеттері, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын-алу, зорлық-зомбылық тақырыптары қозғалды.
Бүгінгі күнде жасөспірімдер арасында аталған мәселелер белең алуда. Бұл ұлт тамырына балта шабады. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында «Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы» тұжырымдамасын дайындау қарастырылған. Тәрбие мәселесі барлығымызға ортақ. Осындай жат қылықтардан балаларымызды сақтау ата-аналар мен ұстаздарға жүктелген үлкен міндет. Әрбір бала дұрыс жетіліп, білім алып, жарқын болашағына жақсы көзқараспен қарауы үшін, әрбір жасөспірім қоғамдағы зорлық зомбылыққа тап болмауы тиіс.
Бұл шараға қатысқан әрбір оқушы өз араларында пікірталас тудырып, алдағы уақытта өздері жүрген ортада және қоғамда мұндай жат қылықтардың белең алуына жол бермеуді мақсат етіп және өсіп келе жатқан жасөспірімдер осындай шаралардан өздеріне ой түйіп, сабақ алса, партияның алға қойған мақсаты орындалды деп есептейміз.
Шара соңында жеңіске жеткен топ «AMANAT» партиясының дипломдары және сыйлықтарымен марапатталды.
13 желтоқсан 2024 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930