Құрылтай
» » Жыл соңына дейін 5 елді мекен табиғи газға қосылады

Жыл соңына дейін 5 елді мекен табиғи газға қосылады


Қызылорда облысының газдандыру деңгейі 75 пайызды құрады. Бұл бағытта 24 жобаға республикалық және облыстық бюджеттен және «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан қаржы бөлінген.

-Жыл басынан бері алты елді мекен газға қосылып, облыс бойынша газдандырылған елді мекендердің саны 41-ге артты. Жыл соңына дейін бес ауылдық елді мекенге табиғи газ беріліп, облыстың газбен қамту деңгейі 78 пайызға, газдандырылған елді мекендер саны 46-ға жеткізілетін болады, - деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин.
Айта кетейік, келесі жылы Шижаға, Ақтан батыр, Дүр Оңғар, Шаған, Н.Ильясов, Ортақшыл, Баймұрат, Талдыарал, Сабалақ ауылдарын табиғи газға қосу жоспарлануда.

12 қараша 2024 ж. 252 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31