» » Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамынша, бүгін, 8 қарашада еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа райы бұзылады. Кей облыста тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ұлытау облысында көктайғақ, бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/c болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Астанада түнде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман. Батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысында жолдардағы көктайғақ.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматыда түнде тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні секуындана 23-28 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Шымкентте түнде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
08 қараша 2024 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 124

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 280

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930