Қар және көктайғақ. Қазақстанда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 25 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ және бұрқасын болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Қызылорда облысында қар жауады. Облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысында қар жауады, облыстың оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Түркістан облысының орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, көктайғақ болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте 25 қаңтарда күннің соңында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Кей уақытта тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.