» » ӨҢІРДЕГІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ 6 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

ӨҢІРДЕГІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР САНЫ 6 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Жыл басынан бері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында үздіксіз жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі құқық бұзушылықтар саны 6 пайызға төмендеген. Оның ішінде ауыр санаттағы қылмыстар 13,6 пайызға, ауырлығы орташа қылмыстар 23,6 пайызға, ал мал ұрлығы 68 пайызға азайған. Жергілікті полиция басқармасының айтуынша, жалпы қылмыстың ашылу деңгейі 9,9 пайызға жоғарылаған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ердаулет Жаукеев мәлімдеді.
– Бүгінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жол апатының алдын алу бағытында республикалық маңызы бар тас жолдарға түнгі уақытта жүргізушілердің назарын аудару мақсатында 6 дана жарқылдауық маяк пен 7 жерге бейнекамера, 10 дана қызметтік автокөлік макеттерінің муляжы және 9 жерге «Әкетай, асықпа», «Құрметті жүргізуші! Жылдамдықты шамадан тыс асырма» мәтінінде панолар орнатылды. Сондай-ақ, 7 аудан тұсына 2 данадан жылдамдықты автоматты түрде тіркейтін өлшегіш құралдар орнатуды жоспарлап отырмыз. Айта кету керек, қазіргі таңда халықтың полицияға деген сенімі де артып келеді. Оған дәлел ҚР Президенті жанындағы қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік зерттеуі шеңберінде полицияға сенім дәрежесін анықтау бойынша халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде Қызылорда өңірі халқының полицияға деген сенімі 77 пайызды құраған,- деді Ердаулет Баянбайұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
31 қазан 2024 ж. 1 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 493

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930