» » Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Аймақтағы өзекті мәселелердің бірі – кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында орын алатын құқық бұзушылықтар болып отыр. Десе де жыл басынан бері жасөспірімдермен жасалған қылмыстар саны 14,3 пайызға төмендеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында жергілікті полиция басқармасының бастығы Ердаулет Жаукеев айтты.
– Балалардың қауіпсіздігі әрқашан біздің назарымызда. Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдарымен бірге балалардың қауіпсіздігі үшін тиісті шаралар қабылданып келеді. Өздеріңізге мәлім, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 16 маусымда күшіне енді. Осы Заңға сәйкес жаңадан әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу бойынша 127-2-бап енгізілді. Жалпы, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу бағытында тұрақты түрде «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Қауіпсіз мектеп» секілді жедел профилактикалық шаралары мен «Абайлаңыз балалар» акциялары өткізілсе, күнделікті «Түнгі қала», «Квадрат» рейдтері жүргізілуде. Ал, бүгіннен бастап қараша айының 2-і аралығында «Демалыс» профилактикалық іс-шарасы басталды,- деді полиция полковнигі Ердаулет Баянбанұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
01 қараша 2024 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 215

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930