» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды


Ағымдағы жылдың 29 қазанында Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Рауан Мұрсалұлы Әбдіқасовтың №490 бұйрығымен Тулебеков Арман Бахадирович «Қармақшы аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Тулебеков Арман Бахадирович 1991 жылы 01 қаңтарда Торғай облысы Державинск қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Қаныш Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін» «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар 2020 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2015 жылы «Жосалы кенті әкімі аппараты» коммуналды мемлекеттік мекемесінде инспектор болып бастаған. Аталған мекемеде 2022 жылға дейін абыроймен қызмет атқарған.
2022-2024 жыл аралығында «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының консультанты қызметін атқарған. Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы қызметін қоса атқарды.
2022 жылғы Референдум, ҚР Президентінің сайлауы, 2023 жылғы ҚР Парламенті мәжілісі депутатының сайлауы, 2024 жылы Референдум сайлауларында белсенділік танытып, ұйымдастырушылық қабілеті үшін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Е.Қошановтың Алғыс хатымен, Қызылорда облысының әкімі Н.Нәлібаевтың Алғыс хатымен марапатталған.
Отбасылы 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

31 қазан 2024 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 422
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930