Партия филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды
Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен келіп, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы қызметіне Ақжігітов Ғалымжан Амангелдіұлын тағайындап, жұмысына сәттілік тіледі.
Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен белсенді мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы және партия ардагерлері мен аудандық мәслихат депутаттары сөз сөйлеп, тілектестігін білдірді.
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы «AMANAT» партиясы Қармақшы аудандық филиалының бұрынғы атқарушы хатшысы Буханов Дастан Әбдібекұлының қызметіне сәттілік тілеп, осы кезеңге дейін атқарған қызметіне сәйкес партия филиалының алғыс хатын тапсырды.
Айта кету керек, Ақжігітов Ғалымжан Амангелдіұлы 2003 жылы Орта Азия университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Толағай» акционерлік қоғамында жөндеуші болып бастаған.
2007-2008 жылдары Қармақшы ауданы әкімі аппаратында түрлі қызметтер атқарған;
2008-2012 жылдары Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, бухгалтерлік есеп жүргiзу, жоспарлау, құқық, кадр жұмысы, ұйымдастыру және әлеуметтiк әрiптестiк секторының әлеуметтiк әрiптестiк жөнiндегi бас маманы;
2012-2017 жылдары «Қармақшы ауданының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
2017-2020 жылдары Қармақшы ауданы, Т.Көмекбаев атындағы ауылдық округі әкімі;
2020-2024 жылдары Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2005 жылдан бастап «АМАNАТ» партиясының мүшесі.