» » Колледж командасы үздіктер қатарында

Колледж командасы үздіктер қатарында

Биыл Байқоңыр қаласындағы іргелі және жалғыз жоғары оқу орны «Восход» МАИ филиалының құрылғанына 60 жыл толып отыр. Бұл оқу орнынан сан мыңдаған маман түлеп ұшты. Институт түлектері алған білімдері мен дағдыларын ғарыш айлағында ғана емес, Ресей мен Қазақстанның, сондайақ әлемнің басқа елдеріндегі ірі кәсіпорындарда қолдануда.
Жақында Байқоңыр қаласында «Восход» МАИ филиалының 60 жылдығына орай волейбол мен баскетболдан кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында жарыс өткізілді. Осы жарысқа С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледж командасы қатысып, волейболдан жүлделі І орынды, ал баскетболдан ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ ТЭ-124 оқу тобының студенті Азамат Өтепбергенов «Үздік жалғаушы», ТС-124 оқу тобының студенті Нұрсұлтан Қанатшаев «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды. Бұл колледждің қанжығасы халықаралық деңгейдегі тағы бір кубокпен толықты деген сөз. Осы жарысқа студенттерді дайындап, жаттықтырып, жетекшілік еткен колледждің денешынықтыру пәнінің оқытушылары Ғабит Қалыбаев пен Жазылбек Садуов сынды ұстаздарымыздың еңбегі зор.
Жасұлан КӨБЕКОВ,
Академик С.Жиенқұлов атындағы
Байқоңыр жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы
29 қазан 2024 ж. 297 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 136

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 491

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930