» » Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

«Қазгидромет» синоптиктері бүгін, 26 қазанда елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлытау облысының шығысында тұман.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман түседі.
Астанада түнде және таңертең тұман.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Алматы облысының батысында, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 15-20 м/с болады.
Шымкентте түнде және таңертең нөсер жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

26 қазан 2024 ж. 206 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 805
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 505

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930