» » » Көктайғақ және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Көктайғақ және тұман: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 16 қазанда Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі, түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады.
Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с болады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.
Абай облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
16 қазан 2024 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 862
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30