» » КІТАПХАНАШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

КІТАПХАНАШЫЛАР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

Қызылорда қаласында Кітапханашылар күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап және қаламгер» атты республикалық семинар болып өтті. Онда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мамандары арнайы келіп, облыс кітапханашылары үшін шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шарада кітапхана саласының өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген аудан кітапханашылары марапат төрінен көрінді. Қазақстандық кітапханалық одақтың «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен Ақтөбе ауылының кітапханашысы Мархабат Шынарбаева мадақталса, «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісін Қармақшы ауылының кітапханашысы Бадырақ Гүлнар тағынды. Ал облыстық кітапхана басшысының Алғыс хатымен ІІІ Интернационал ауылының кітапханашысы Рима Тұрманова мен аудандық кітапхананың кітапханашысы Марияш Қарамановалар марапат төрінен көрінді.
Семинар барысында облыс кітапханашыларының қатысуымен «Өрелінің өрісі кең» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынға 7 аудан, қала және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасынан 7 адамнан құралған 9 команда қатысты. Кітап, кітапханалар тарихы, шығармалар желісі және түрлі салалар бойынша логикалық сұрақ қойылды. Ойын қызықты және тартысты өтті. Әділқазылар шешімімен ІІ орынды ауданның кітапхана мамандарынан құрылған «Қорқыт елі» командасы иеленді. Білім мен білік сынға түскен сайыста жеңіс төрінен көрінген кітапханашыларға шығармашылық табыс тілейміз.
«ҚТ» ақпарат
25 қазан 2024 ж. 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 536

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930