» » «Ұлттық қауіпсіздік барысы» республикалық жарысы басталды

«Ұлттық қауіпсіздік барысы» республикалық жарысы басталды


Елімізде тұңғыш рет ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жүлдесіне арналған, еліміздің күштік құрылымдарымен арнаулы мемлекеттік органы қызметкерлерінің арасында қазақ күресінен «Ұлттық қауіпсіздік Барысы» республикалық жарысы өтеді. Байрақты бәсекеге республикалық күштік құрылымдардан құралған 10 құрама команда қатыспақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Арман Кенжебаев мәлімдеді.

– Бұл бәсеке ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Туризм және спорт министрлігімен және Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Республикалық жарыс командалық есепте 66, 74, 82, 90, 100 келі салмақ бойынша өткізіледі. Сайыстың екінші бөлігінде 90 келі салмақтан жоғары спортшылар сынға түседі. Оған әр командадан 2 мықты спортшы шығады. Жеңімпазға "Ұлттық қауіпсіздік барысы" деген атақ беріледі. Жарысқа республикалық күштік құрылымдардан келген 50 спортшы қатысады, жас ерекшелігіне байланысты шектеу жоқ,- деді Арман Қаржаубайұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

17 қазан 2024 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 332
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 855

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930