» » ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТПЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ


Орталық стадионда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қала күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, қала, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері мен қала тұрғындары жиналды.

Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы Сыр өңіріне келген сапарында облысымызға дамудың үлкен перспективалары бар стратегиялық маңызды аймақ деп оң бағасын берді. Биыл Қызылорда қаласының бюджеті 50 млрд. теңгеге артып, 107,9 млрд.теңгеге жетті.
Қала күні қарсаңында тұрғындар асыға күткен жайлы мектеп, Оқушылар сарайы, Теннис орталығы ел игілігіне табысталды.
Сол жағалаудағы №2 шағын ауданға салынған 470 пәтерлік
10 көпқабатты тұрғын үйде қоныстой тойланды.
Осы уақытқа дейін қаламыздың ең басты коммуналдық мәселесі болып келген көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету оң шешімін тапты.
Биыл 187 үй, алдағы жылы тағы 237 үй ыстық суға қосылады.
Соңғы екі жылда біз барлық саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық бердік. Ең алдымен облыс орталығындағы қоғамдық көлікке қатысты түйткілді түбегейлі шешу үшін 300 жаңа автобус сатып алынды. Жаңа қоғамдық көліктер жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Тұрғындар сұранысына сәйкес алынған 200 санитарлық автокөліктің
60-ы Қызылорда қаласындағы денсаулық сақтау мекемелеріне табысталды.
Сүйікті қаламыздың самаладай жарқырауына, көркейіп, гүлденуіне бірге атсалысайық!
Жаңа белестерді бағындырып, асқақ армандарға бірге жетейік! Әр шаңыраққа шаттық, береке-бірлік тілеймін!", - деді Н.Нәлібаев.

Салтанатты іс-шарада қаланы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси тұрғыдан өркендетуде ерен еңбектің үлгісін көрсеткен 9 азаматқа «Қызылорда қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Сан салада қызмет ететін 3 азаматқа облыстың ең жоғары марапаты - Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, 9 азаматқа облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Қала күніне арналған мереке отандық эстрада жұлдыздарының концертіне және отшашуға ұласты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 қазан 2024 ж. 315 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 369
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930