» » ДУБАЙҒА жолдама жеңіп алды

ДУБАЙҒА жолдама жеңіп алды

Жалпы аудан айнасы ретінде әр нөмірімізде өңірдегі жақсы жаңалық пен оң өзгерісті ойлы оқырманмен бөлісіп отырамыз. Біздің діттегеніміз – жақсылықты жариялау, жеңімпазды құрметтеу, өнегелі жаннан тәлім көрсету, ойлы жазба арқылы ой салу. Соңғы уақытта сүйіншілейтін жаңалығымыз да жиіледі. Тіпті әр нөмір сайын аудан абыройын асқақтатқан жерлестеріміз туралы қалам тербеуіміз көбейді. Мұның барлығы қуантарлық жағдай. Ауылдастың аты озғанда бөркін аспанға лақтыратын қазақтың ұрпағы емеспіз бе? Бұл жолы да өнерімен оза шапқан жас таланттар туралы бөліспекпіз.
29 қыркүйек күні Қызылорда қаласында «DALA DARYN» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «NEW ART STARS» республикалық жас өнерпаздар арасындағы өнер байқауы өткен-ді. Осы байқауға Тұрмағамбет ауылынан бір топ жеткіншек қатысып, жеңіс төрінен көрінді. Нақтырақ тоқталсақ, ауылда жеке кәсіпкер «Ақшолпан»-ға қарасты «Fantasy» шығармашылық орталығы жұмыс істейді. Ондағы Салтанат Абдимомынова жетекшілік ететін «Көркемсурет» үйірмесінің шәкірттері аталған байқауда «Бейнелеу өнері» жанры бойынша бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша Нұрдәулет Яхия мен Зере Манарбектің суреттері үздік деп танылып, Дубайда өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды. Ал Айжұлдыз Сабыржанқызы, Іңкәр Сәбитқызы, Жансая Ғалымжанқызы республикалық сында І орынды жеңіп алды. Жұмыстары үздіктер қатарынан көрінген жетекшіні сөзге тарттық.
– Ең бірінші өнерге құштар оқушыларыма алғыс білдіргім келеді. Олар сурет салғанды қатты жақсы көреді. Өзіндік ізденістері де бар. Марапат төрінен көрінген шәкірттерімнің ең кішкентайының жасы 5-те. Дубай қаласындағы байқау 2025 жылдың 5 қаңтарына белгіленген. Ол сында шығармашылыққа жаны құмар шәкірттеріме сәттілік тілеймін. Осы орайда шағын ауылдан жеке үйірме ашқан Шоқан Бақбергенұлына алғысымыз шексіз. Жеңіске құштар жеткіншектердің демеушісі де осы кісі. Бұл үйірменің ашылғанына көп уақыт өтпесе де, шәкірттер жарыстардан жүлделі орын алуда. Бұл ауылдың болашағына деген үлкен қамқорлық деп білемін, – дейді үйірме жетекшісі Салтанат Абдимомынова.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
08 қазан 2024 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

№81 (10346)

12 қазан 2024 ж.

№80 (10345)

08 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 389

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031